15 шілде күні Қазақстанда қатты ыстық болады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер Қазақстанның 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, батыста бұршақ жауады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.«Қазгидромет» РМК

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағандының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде ауа райы аптап ыстық.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +38+40°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды