Елордада баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбеков арнайы төсбелгімен марапатталды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрі терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарған жасөспірімді марапаттады. Ол Есдәулет Дәуітбековке көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдіріп, болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қатарынан осындай батыл жігіттерді көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Даутбеков Есдәулетке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Ол терезеден құлай жаздаған баланы құтқарған. Кездесуге батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты. Батырдың анасына да гүл табысталып, осындай баланы тәрбиелегені үшін алғыс айтылды.

Айта кетейік, 13 шілдеде Нұр-Сұлтанда «Шерқала» ТК мекенжайында 17 жастағы жасөспірім құтқарушылар келгенге дейін москит торын итеріп жіберіп, 6-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарды. Есдәулет өз өмірін қатерге тігіп, көршінің терезесінен баланың пәтеріне өтіп, оның құлап кетуіне жол бермеді. Бұл ерлік әлеуметтік желіде жарияланып, танымал болды.

Құрметті ата-аналар, бұл оқиға – бала аман-есен құтқарылған аз ғана мысалдардың бірі. Өкінішке қарай, қайғылы аяқталатын оқиға көп кездеседі. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз. Әдетте бала құлауы үшін санаулы ғана секундтар жеткілікті. Бұл бала өліміне әкеп соғуы әбден мүмкін, – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты