Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: Солтүстік-батыс циклонының әсерінен солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, дауыл тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында және орталығында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.«Қазгидромет» РМК

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік желіне ауысып, күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +30...+32°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +31...+33°С болады.

Шымкент қаласында аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +21...+23°С, күндіз +38...+40°С болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз