15 шілдеде оны Төтенше жағдайлар министрі жеке қабылдап, медаль табыс етті. Оқу ағарту министрі университетке грант ұсынса, құрылыс компанияларының бірі елордадан үш бөлмелі пәтер сыйлады, делінген КТК жаңалықтарында.
Футбол ойнауға кетіп бара жатқан 17 жастағы Есдәулет терезенің темірінен құлауға шақ тұрған баланы көреді. Құтқарушыларды күтпей-ақ бозбала көрші үйдің терезесі арқылы пәтерге өтіп, үш жасар баланы құтқарған. Сүйтіп бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған екен. Анасы далаға шығып кеткен. Өкінішке қарай, бір ғана астананың өзінде терезеден құлау оқиғасы азаймай тұр. Көбінің періштесі қаққанмен, қайғылы аяқталған оқиғалар да жетерлік.
Жыл басынан бері қалада терезеден құлау бойынша 24 жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, үшеуінде бала жазым болды. Бұл жағдайда 127-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау боп саналады. Нұр-Сұлтан қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нелля Досжанова