Министр әуе компанияларына жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырды

Сурет: Zakon.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әуе компанияларына жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, соңғы уақытта ел ішінде де, халықаралық бағыттарға да рейстерге қатысты келіп жатқан хабарлама көбейген. Министр мәселені жедел шешу үшін қазақстандық әуе тасымалдаушыларына жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырыпты.

Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орын болатын 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, SCAT 9 ұшақ, Fly Arystan – 3 және Air Astana – 2. Қайырбек Өскенбаев

Ол бұл шаралар тасымалдау қабілетін айтарлықтай жақсартады деп санайды.

Әуе қатынасына сұраныс жыл сайын артып келеді. Сондықтан өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және рейстердің кешігуін азайту мақсатында 2025 жылға қарай қазақстандық әуе кемелерінің паркі 51 бірлікке толығады. Қайырбек Өскенбаев

Рейстің кешігуіне байланысты тергеу басталды.

Рейстерді кешіктіру және тоқтату кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактісі анықталса, әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қайырбек Өскенбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды