Кәсіпкер 15 қыркүйекке дейін бақылау-касса машинасының бағдарламасын жаңартуы қажет

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлер15 қыркүйекке дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейтінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттегілердің мәлімдеуінше, 2022 жылы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп, бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай хаттамасы жаңартылып, бекітілді.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерге 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.

Мемлекеттік кірістер комитеті атап өткендей, 15 қыркүйектен бастап Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.

Осыған байланысты кәсіпкерлерге бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес берілді.

Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: