Синоптиктер еліміздің алты облысында ауа райы күрт өзгеретінін ескертті

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміздің алты облысында құбылмалы ауа райы орын алатынын ескертеді: аптап ыстықта найзағай ойнап, кейбір елді-мекендерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз 23 шілдеде Түркістан облысының батысында және шөлейтті аудандарында өте қатты ыстық болады деп күтіледі: + 45°C. Түркістан қаласында да күндіз өте қатты ыстық: +45°C.

21-22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Петропавлда 21 шілдеде түнде, 22 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

21 шілдеде түнде Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз батысы мен орталықталығында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың батысында, орталығында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК

Семейде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Өскеменде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

21 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз + 42...+44°C дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, сәйкесінше өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. "Қазгидромет" РМК

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. +35...+ 38°C. күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде өте қатты ыстық болады: +40...+41°C.

Талдықорғанда күндіз +36...+38°C дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің батысында, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың басым бөлігінде +42°C дейін қатты ыстық сақталады.

Синоптиктер Ақтауда шаңды дауыл болады деп болжайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты