Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сұраған желі қолданушысына жауап қатты

Сурет: Instagram/aissaulebakytbek
Айсәуле Бақытбек желі қолданушыларының өз жазбасы астына қалдырған сауалға жауап берді. Ол арада әкесі Бақытбек Есентаев бостандыққа шығып жатқанда оның неге үнсіз отырғаны сұралған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Не үшін жазуым керек? Маған мүлдем бейтаныс, бөтен адамдардың аса қызығушылығын қанағаттандыру үшін бе? "О, не деген жақсы едің" деп қойып, менің өмірімнің мінсіз еместігінен ләззат алып, "Өзіміздің өміріміз жаман емес екен ғой" деп малданып, шаттансын деп пе? Әлде қалай? - деп Айсәуле Бақытбек желі қолданушысының өзіне сұрақ тастады.

Кейінірек ол өз сторисіне мынандай жазба жариялады:

Бәрінен дұрысы, былай болсын, бір рет, сонымен бітті. Осындай жағдайдан ләззат алып, хайп жасайтын қ... адамдарды жек көремін. Ондай адам болудан Құдай сақтасын. Барлықтарыңызға рақмет, касса жабық.

Сурет: желіден алынды

Жақында Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты. Бұл туралы Нағима Есентаева сүйіншілеп, желіде хабар таратты.

Айта кетсек, 2016 жылдың 10 маусымында танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қылмысқа күдікті ретінде Бақытбек Есентаев қамауға алынды.

2016 жылы 3 қарашада сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындау туралы Баянның өтініші сотта ескерілмеді.

Жазасын өтеп жатқан Есентаев сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын өзін босатуды сұрап, өтініш берді. Қапшағай қалалық соты өтінішті қарап, оны қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды