Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік ел даңғылы толығымен жабылады

Сурет: pixabay
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік ел даңғылы толығымен жабылады. Бұл туралы ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғанын мәлім етті, – делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2-8 тамыз аралығында Достық көшесінен Сарайшық көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскеде автокөлік қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына «қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет екені» ескертілді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген басқарма хабарламасында.
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?