Азық-түлік бағасы әсіресе Маңғыстау облысында көбірек өскен

Сурет: Zakon.kz
Өңірлер арасында шілде айындағы ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстау облысында – 17,9%, ең төменгісі Алматы облысында байқалды – 13,4%. Бұл туралы ақпаратты ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары қымбаттауы Маңғыстау облысында – 24%. Республикалық деңгейден ең төмен көрсеткіш Ұлытау мен Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында – 18%-дан.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласы және Ұлытау облысында көбірек қымбаттады – 18,5%-дан, қымбаттаудың аз мөлшері Алматы қаласында – 12,3%.

Бір жыл ішінде ақылы қызметтердің құны Түркістан облысында 11,4%-ға көтерілді, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында қымбаттау республикалық деңгейден төмен болды, әрқайсысында 8%-дан.

Азық-түлік бойынша биылғы маусым айымен салыстырғанда шілде айында нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Абай облысында 4,3% қымбаттады, макарон өнімдері Маңғыстау облысында – 7,1%, сүт өнімдері Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, жемістер мен көкөністер Қазақстанның барлық облысында арзандады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты