2023 жылдан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасы өседі

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының прогрессивті шкаласы қолданылады. Ставканың өзгеруі тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылды (№ 135-VII ҚРЗ). Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының ставкасы жоғары, яғни 25 теңге болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, егер, керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, яғни 1 тенге көлемінде.

Одан бөлек, өзінің меншігіндегі электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге ставкасы бойынша есептеледі.

Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге ставкасы бойынша есептеледі.

Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған немесе олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге ставкасымен есептеледі.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл жағдайда электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.

Төлемақының әр түрлі ставкаларын қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде туындаса, төлемақының ең жоғары ставкасы қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты