1991 жылдан бері елге қанша этникалық қазақ оралды

Сурет: gov.kz
2022 жылдың басынан бері 9 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 9077 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Еңбек министрлігінің мәлімдеуінше, биыл жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастар:

69,9%-ы – Өзбекстаннан;

10,3%-ы – Қытайдан;

7,1%-ы –Түркіменстаннан;

4%-ы – Моңғолиядан;

8,7%-ы – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%), Жамбыл (6,5%) облыстарына, сонымен бірге Алматы мен (5,7%) Нұр-Сұлтанға (7,2%), Шымкентке (8%) қоныстанды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл 1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 60,5% болғанын, ал 26,2%-ы еңбекке жарамды жастан кіші екенін және 13,3%-ы зейнеткерлер екенін айтты.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 11,8%-ының білімі жоғары, 39,8%-ының білімі орта арнаулы, 46,7%-ының білімі жалпы орта, 1,6%-ының білімі жоқ.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты