Бірнеше ай сусыз жүре алады: Шымкент зообағына кенгуру әкелінді

Сурет: zakon.kz
Шымкент зообағы бақтың жаңа тұрғынын таныстырды. Ол – австралиялық кенгуру Беннета, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беннета 10 шілде күні Ресейден әкелінген. Бұл жануар жайында қызық мәлімет көп.

Олар суды аз ішеді, бірнеше ай сусыз жүре алады. Жеңіл ұйықтайды. Ересек кенгурулар 60 км/сағ жылдамдықпен жүгіреді, биіктігі 3 метрге дейінгі тосқауылдан секіре алады, – деп жазды Шымкент зообағының қызмекерлері.

Кенгурудың тағы бір ерекшелігі – оның көбейуінде. Кенгурудың аналығында баласы өсіп жетілгенше орналасатын қалташасы болады. 4 аптадан соң туған құрттан сәл үлкенірек, дегенмен ағзалары дамыған эмбрион анасының сөмкесіне еніп, 6 ай бойы қапшықта дамиды. Анасының емшегі кіндік бауының орнын басады. Жетілген кенгуру табиғатта тіршілігін жалғастырады. Зообақтң хабарлауынша, кенгуру іштегі баласы жетілгенше келесі ұрықтанған ұрығының жетілуін біраз уақыт тоқтата алады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды