Қазақстаннан Вьетнамға ұшатын әуе рейстері қайта қалпына келтіріледі

Сурет: zakon.kz
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Вьетнам Социалистік Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вьетнамдық Vietjet Air ірі авиакомпаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Vietjet Air – Вьетнамның төмен бюджетті авиатасымалдаушысы.

Авиакомпания рейстерді 2007 жылы бастады. 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Авиакомпания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды