Қазақстанда Абай күні аталып өтеді

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
10 тамыз – ұлы ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және ақын Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстандықтар бүгін Абай күнін атап өтеді. 10 тамыз ресми мерекелер күнтізбесіне 2020 жылы енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осынау атаулы күні елімізде көрме, конференция, шығармашылық кеш және тағы басқа түрлі іс-шара ұйымдастырылады.

Мысалы, Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапхана мен Алматыдағы Ұлттық кітапхана ғимараттарының алдындағы алаңда сағат 11.00-де ғылыми-шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің, қос астана тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен Ұлы ақынның шығармаларына арналған поэзия кеші өтеді.

Сонымен қатар республикалық музейлер (Орталық мемлекеттік музей, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Ұлттық музей) Абай күніне орай іс-шаралар өткізеді. Атап айтқанда, музей қорындағы жәдігерлер негізінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәрістер ұйымдастырылады. 

Ұлы ақынның рухани әлеміне арналған түрлі іс-шаралар еліміздің өңірлерінде де жоспарланған.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, іс-шараларға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының шығармашылыққа баулитын мектептер оқушылары, жастар қатысады. Оған қоса дәрістер музейлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі