Қазақстанда үсік болады

Сурет: flickr
Синоптиктер Қазақстанда 16-18 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республикада ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Аптаның ортасына қарай температура фонының біртіндеп төмендеуімен алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік болады.«Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжамынша, 17-18 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы ауа райы солтүстік циклонның ойпатына қарай анықталады. Содан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Елімізде ауа температурасы төмендейді деп болжанды:

батыста түнде +15+28°С, күндіз +30+40°С дейін;

солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С дейін;

солтүстікте түнде +2+7°С, күндіз +12+17°С дейін;

орталықта түнде +3+12°С, күндіз +13+23°С дейін;

шығыста түнде +2+11°С, күндіз +12+20°С дейін;

республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10+18°С шегінде, таулы аймақтарда +3+8°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады