Мәселен, биыл аталған бағыттар бойынша 59 мың тонна битум қажет еді. Алайда оның бар-жоғы 13 мың тоннасы ғана жеткізілді, деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасы.
Ол аздай дизель отынының жетіспеушілігі де жығылғанға жұдырық болып отыр. Тіпті тапшылық болмаған күннің өзінде құны көтеріліп кеткен. Мәселен құрылысқа қажетті техниканы қолдану үшін тәулігіне 100-130 мың тонна дизель отыны қажет.
«Қазавтожол» ҰК ресми өкілі Ләззат Стамғазиева қиыршық тасты тасымалдауға арналған вагондардың саны да жеткіліксіз екенін алға тартты.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысында карьерлер жоқ, сәйкесінше, қиыршық тасты көрші өңірлерден тасымалдау қажет. Бұл проблеманы шешу үшін «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазТемірТранс» компанияларымен келіссөздер жүргізгенбіз, бірақ нәтиже байқалмайды.Ләззат Стамғазиева