Алматыда үш қоғамдық көліктің бағытына өзгеріс енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдайтын №132, №2 және №48 қалалық автобустарының жүріс бағытында өзгеріс болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық көлік холдингіне сілтеме жасай отырып, тұрғындардың өтініштері бойынша 26 тамыздан бастап  №132-ші автобустың жүріс бағыты ұзарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді ол Көкорай көшесінен кейін Рысқұлов көшесімен Емцов көшесіне дейін - Райымбек даңғылы - Розыбакиев - Төле би - Брусиловский - Абай даңғылынан «Сайран» метро станциясына дейін жүріп өтеді.

Кері бағытта №132 автобус Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесіне дейін, Төле биден Розыбакиев - Райымбек даңғылымен Крылов көшесіне дейін жүріп өтіп, қайта кері бұрылып, Райымбек даңғылымен Немирович-Данченко - Рысқұлов даңғылы бойымен жүріп өтеді.

Сонымен қатар, Қажымұқан көшесінің бойындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты 26 тамыздан бастап №2 және №48 автобустар қозғалыстың тұрақты сызбалары бойынша жолға шығады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды