Президент экономиканы тұрақты дамытуға су тапшылығы кедергі болып отырғанын айтты

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, су саласында басқа да түйткілдер аз емес. Мысалы, суды тиімсіз пайдалану, инфрақұрылым әбден тозған, мамандар жетіспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, судың 40%-ы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес.

Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сонымен қатар автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет. Білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажет мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек.Мемлекет басшысы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді