3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Синоптиктер 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде көшпелі бұлт шығады, құрғақ ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын әлі де аздаған бұлтты және құрғақ ауа райы күтілетін антициклон айқындайды. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, батыста атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі және бұршақ жаууы мүмкін."Қазгидромет" РМК

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қатты ыстық сақталады. Павлодар облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі."Қазгидромет" РМК

Нұр-Сұлтан қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +34+36°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +34+36°С болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз