Кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсыруға 4 күн қалды

Сурет: freepik
Жалпыға бірдей декларация аясында табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзіміне небәрі төрт күн қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды түрде тапсырылуға тиіс.

Осы жылы мына санаттар салық декларациясын тапсыруы керек:

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде атап өтілгендей, 2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы "кіріс" декларациясын (250.00-нысан) ұсынған тұлғалар табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) 2022 жылы ұсынуға тиіс.

Бұл мемлекеттік қызметтен босатылғандарға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан адамдарға да қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық декларациясы мерзімінде тапсырылмаса, салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетінін еске салды.

Жеке тұлға ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 15 АЕК (45 945 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

2022 жылдың 12 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 85 мыңнан астам адам декларация тапсырған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз