Шымкентте және еліміздің тағы бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
17 қыркүйекте Шымкентте және республикамыздың тағы бес өңірінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, сондай-ақ күн күрт суытады деп күтіледі, ал кейбір аумақта, керісінше төтенше өрт қаупі сақталатыны болжанады. Осыған байланысты синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сенбінің бірінші жартысында Шымкентте найзағай жарқылдайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы мен Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыс орталығы мен таулы аумақтарда үсік жүреді: -3...-6°С. Талдықорғанда түнде -1...-3°С суық болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында. оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында үстік жүреді: -2°С суық болады. Өскеменде түнде топырақ беті қатып, -2°С суық болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін