21 қыркүйекте елімізде күн райы қалай құбылады

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады."Қазгидромет" РМК

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында,  Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.  

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 7-9 градус,  күндіз 26-28 градус жылы.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.

Шымкент қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.

Қазақстан
Шымкент
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді