Beeline байланысы қалпына келтірілді

Сурет: pexels
21 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше қаласында Beeline байланысы істен шықты. Қазір ол әдеттегідей жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Beeline Қазақстан мамандары ақау "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі аумағындағы оптикалық кабельдің үзілуінен шыққанын анықтады.

Кабель сервистің Алматы, Талдықорған және Қызылорда қалаларында жұмыс істеуіне жауапты болды. Инженерлер ақаудың себебін, үзілген кабельді анықтап, сервистерді қалпына келтіре алды. Қазір бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр. Компания мамандары

Мамандардың айтуынша, кабель тартылған жерде қазба жұмыстарын жүргізген компанияның кінәсінен үзілген.

21 қыркүйекте Beeline қолданушылары байланыс пен интернеттің істен шығуына шағымданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды