Сайлау: тұрғылықты мекеннен тыс жерде қалай дауыс беруге болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ведомствода өткен брифингте ішкі мигранттарға президенттік сайлауға қатысу үшін сырттай куәлік алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Константин Петров кез келген азамат дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей әкімдікке өзіне ыңғайлы учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екенін айтты.

Сырттай бюллетень алу міндетті емес, бүгіннен бастап атқарушы органға барып, өтініш жазуға болады. Әзірге сырттай дауыс беру бюллетенін алу бойынша онлайн қызметтер қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров

Оның айтуынша, азамат дауыс бергісі келетін сайлау учаскесіне тіркелудің екі жолы бар.

Бірінші жол: дауыс беру күніне 30 күн қалғанда өтініш жазып, дауыс беруге ыңғайлы сайлау учаскесін көрсету қажет.

Екінші жол: дауыс беру күніне 20 күн қалғанда тізімдер сайлау учаскесіне беріледі. Бұл жағдайда азамат сайлау учаскесіне жеке өзі хабарласып, сол жерден сайлау бюллетенін ала алады. Ал сайлау күні осы сырттай бюллетеньмен өзіне ыңғайлы жерде дауыс береді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді