Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған жирафтың есімін атады

Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жаңа туған жирафқа есім таңдалғаны туралы ақпарат пайда болды. Бақ қызметкерлері жирафқа Сұлтан есімін берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы хайуанаттар бағындағы жаңалық 6 қыркүйекте белгілі болды: Хан және Сұлу жираф жұбында сәби дүниеге келді.

Осыған орай хайуанаттар бағы әкімшілігі желі қолданушылары арасында атау таңдауға конкурс жариялады.

20 күннен кейін сәбиге Сұлтан есімі қойылғаны белгілі болды.

Біз ұзақ талқылаулар мен пікірталастар жүргізгеннен кейін кішкентай керігімізге ат таңдадық. Ат таңдауға зообағымыздың барлық қызметкері атсалысты. Жануарға дұрыс есім беру маңызды. Өйткені ол атына заты сай болуға тиіс. Әкесі - Хан, анасы - Сұлу, әпкесі- Ханзада екенін ескеріп, біз оған Сұлтан деген ат бердік. Сіздерге біздің таңдауымыз ұнады ма? Пікірлеріңізді күтеміз,- деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.
Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз