Дүкен иесі иммигрантты жалдай ала ма

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Иелігінде дүкені бар Қазақстан азаматы шетелдік азаматты – еңбек иммигранттарын техникалық тазалаушы, жұмысшы немесе сатушы ретінде жұмысқа ала ала ма? Бұл сауал электронды үкімет сайтында көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүкен иесі "Еңбек иммигранты жеке тұлғалармен жұмыс істеуге ішкі істер департаментінен рұқсат алуы керек пе?" деп сұрады. Сонымен қатар "Иммигрант уақытша тұрғылықты жері ретінде дүкен ғимаратын көрсете ала ма? деген сауал қосымша қойылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Халықтың көші-қоны туралы" заңға сәйкес жұмыс берушілер үшін рұқсат негізінде үй шаруашылығындағы жеке жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) үшін елге үй жұмысшысы ретінде келген көшіп келушілер еңбек иммигранттары болып табылады деп жауап берді.

Еңбек иммигранттары тек шауаршылық бойынша бағбан, құрылысшы, күтуші және тағы басқа болып жұмыс істеуге құқылы. Жұмыс беруші немесе еңбек иммигранты ҚР ӘҚБтК-нің көші-қон заңнамасын бұзса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Басқарма заңнамада еңбек иммигранттарын үй шаруашылығы саласына кірмейтін қызметке тарту қарастырылмаған деген қорытындыға келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты