Ресейліктерге Қазақстанда ЖСН алу не үшін қажет

Сурет: gov4c.kz
27 қыркүйекте өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Қазақстанға уақытша келген шетелдік азаматтарға ЖСН неліктен қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін шетел азаматтарына төлқұжаттың түпнұсқасы ғана қажет екенін атап өтті. Бір жұмыс күні ішінде беріледі.

Бейрезиденттерге ЖСН беру еңбек шартын жасасу, қызмет көрсету үшін қаражат алу, әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық есептілігін жасау, түрлі банктік және басқа операцияларды жүргізу үшін қажет. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов

Вице-министр шетел азаматы төлқұжатының түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, ЖСН берілмейтінін айтты. Бірақ ХҚО-да мұндай жағдайлар әлі болған жоқ.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарында резидент еместерге ЖСН беруге 320 мыңнан астам өтініш қабылданғанын, оның 97 мыңы Ресей азаматтарынан түскенін мәлімдеді.

Кеше ғана осындай 13 мыңнан астам өтінішті қабылдадық. Бірақ ортақ түсіністік бар екенін атап өткім келеді. Бірінші кезекте – Қазақстан азаматтары. Барлық ХҚКО қалыпты жұмыс істеп тұр. Келушілер көбейгендіктен, біз басқа елдерден келген азаматтарға күшейтілген тәртіпте қызмет көрсететін сегіз халыққа қызмет көрсету орталығын бөлдік», – деді Әбділдин.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз