Қазақстанда ресейліктердің жұмысқа орналасуына шектеу қойыла ма

Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс кулуарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанда жұмыс істеуіне шектеу қандай жағдайда қойылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тамара Дүйсенова ЕАЭО келісімі бар екенін еске салды, оған сәйкес қазақстандық жұмысшылар Ресейге барып, рұқсатсыз жұмыс істей алады, сол сияқты ресейлік жұмысшылар да Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алады.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Шарттың 97-бабында елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін болса, шектеулер енгізу құқығы қарастырылған.

Ондай жағдайда бұл мемлекет шектеу қоюға құқылы. Бүгінгі таңда тиісті мемлекеттік органдардан алған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін жазғандар саны 6508 адам болса, оның 5300-і жазылып үлгерді, 1200-ге азайды. Сондықтан біз күткен межеден асып кетсе, шектеу қойылады деп есептейміз. Тамара Дейсенова, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Сөз соңында министр көрсеткіш күн санап өзгеруі мүмкін екенін қоса айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз