Синоптиктер үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш қаласындағы 29, 30 қыркүйек және 1 қазанға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Кей күндері ауа райы жауын-шашынсыз, кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың ауа райы болжамы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік бағыттан күші 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.

Алматының ауа райы болжамы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +10...+12°C.

Шымкенттің ауа райы болжамы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз