Самара мен Тольяттиден Оралға автобус қатынасы тоқтатылды

Сурет: Zakon.kz
29 қыркүйектен бастап Самара мен Тольяттиден Оралға автобустар қатынамайды. Автобаза қауіпсіздік мақсатында автобус қатынасы тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал автовокзалының басшысы Талғат Бисекенов "Мой город" порталына айтуынша, ресейлік әріптестері қоңырау шалып, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар Самара мен Тольяттиден Оралға автобус қатынасын тоқтатып жатқанын ескерткен.

Басылымның жазуынша, бұл мұндай шешім қабылдауға Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жағдай себеп болған.

Әріптестеріміздің айтуынша, белгісіз біреулер автобустардың бірін аударып кеткен, жүргізушілерге қауіп төніп тұр, сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызмет тоқтатылды. Талғат Бисекенов

Сонымен бірге ол Орал автовокзалы да Самара мен Тольяттиге автобус қатынасын тоқтататынын, бірақ әзірге тек бір күнге – 29 қыркүйекке тоқтайтынын айтты.

Ресей
Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін