Синоптиктер демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, солтүстік антициклон жотасы ықпалымен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасы сәл көтеріледі:

Күндіз еліміздің батысында негізгі фон  +17...+28°C жылы, солтүстік-батыста +5...+18°C-тан +8...+23°C-қа дейін, солтүстікте 0...+8°C-тан +2...+11°C жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады, орталықта +3...+15°C жылы, шығыста 0...+8°C-тан +2...+10°C-қа дейін температураның аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон +10...+22°C жылы, оңтүстік-шығыста +7...+13°C, таулы аудандарда +2°C-тан +12...+18°C-қа дейін жылынады, таулы аудандарда +9°C градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы