Генералдар кеңесінің төралқасы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну бастамасын көтерді

Сурет: akorda.kz
5 қазанда Астанада Генералдар кеңесінің төралқасы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұзақ жылдар бойы мемлекет игілігіне абыроймен қызмет еткен Қазақстан Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері бүгінде отан мүддесін қорғауды жалғастырып келеді.

Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауын талқылағаннан кейін "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқасы бағдарламалық құжатта көрсетілген ережелер мен ұсыныстарды іске асыруға белсене қатысу туралы шешім қабылдады.

Олар осы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдайды. Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет.

Біз президенттік мандаттың бір реттік 7 жылдық мерзімін енгізуді еліміздегі жаңа саяси дәуірдің негізіне айналатын ашық демократиялық мемлекетті дамытудағы түбегейлі шара деп санаймыз. Әлем күрделі геосаяси жағдайда тұрғанда бейбітшілік пен келісімді бағалау керек. Біз, ел тәуелсіздігін қорғаған офицерлер қоғамымызға қызмет етуге дайын тәжірибелі саясаткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынып отырмыз. "Генералдар кеңесі" РҚБ төрағасы Махмұт Телеғұсов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі