Өзбекстанмен арадағы шекарада өткізу пункттері 6 қазанда жұмыс істемейді

Сурет: gov.kz
"Қазығұрт" өткізу пункті (Қазақстан) мен "С. Наджимов" Өзбекстан) шектес өткізу пункті 6 қазанда сағат 09:00-ден бастап 7 қазанда сағат 09:00-ге дейін азаматтар мен автокөлік құралдары үшін жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіріп өткендей, бұл уақыт аралығында екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында "Узтрансгаз" АҚ су сынау жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, делінген хабарламада.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз