Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
8 қазанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Түнде Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз