Қазақстан халқы Республика күніне орай қанша күн демалады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Үкіметі Республика күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов "2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан - сенбіден 2022 жылғы 24 қазан - дүйсенбіге ауыстырылады.

Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі болды

9 маусым – Халықаралық архивтер күні

Жұмаға қараған түні Жер магнитті дауылдың ықпалында болады

Еңбек демалысы қанша күнге созылады - министрлік мәлімдемесі

Қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айыратын түзету енеді