Қазақстанда жұма күні ауа райы жылы болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстандағы 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Батысты тұман басады."Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +17...+19°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +20...+22°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +25...+27°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды