Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, тұман түсуі ықтимал

Сурет: pixabay
17 қазанда еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23-28 м/с құрайды деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды