Алматының екі ауданында суық су өшеді

Сурет: pixabay
19 қазанда Алматының Түрксіб және Әуезов аудандарының кейбір тұрғын үйлерінде уақытша суық су болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" МКК мәліметінше, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін 19-әскери қалашық пен СМУ тұрғын алабының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады.

Сондай-ақ, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Мамыр-4, Мамыр-7 ықшам аудандарында, слндай-ақ Пригородная – Шаляпин, Яссауи – Паклиевский көшелерінің контурындағы Достық шағын ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады.

Компания атап өткендей, енгізілген шектеулер сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды