Елімізде көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе

Сурет: unsplash
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға тыйым салу жүргізушілерге тәртіп сақтауға ықпал ететінін айтты, Zakon.kz тілшісі.

"Көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылауға тыйым салу ғылыми тұрғыда негізделген бе және бұл тыйымды жақын арада қайта қарау жоспары бар ма?" деген сауалға жауап берген ІІМ өкілі бұл шара жолдағы жүргізушілерді тәртіпке шақыратынын атап өтті.

Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ тонировкаға әлі де тыйым бар. Бұл норма нақты қай жылы енгізілгенін білмеймін, бірақ ол кезде көптеген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуін тақпауы, ұялы телефон пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына бала отырғызу, яғни жүргізушілер баласын жол қозғалысы ережесін бұза отырып, алып жүрген. Менің ойымша, басқа да себептер болды. Жандос Мұраталиев

Бұл ретте ол автокөлік жүргізушілері көліктің артқы жағындағы терезелерді қараңғылай алатынын атап өтті.

Алдыңғы терезені және алдыңғы жақтағы екі терезені қараңғылауға тыйым салынады. Көліктің артқы терезесін және артқы жағындағы екі терезесін қараңғылауға рұқсат етіледі. Жандос Мұраталиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі