Шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша әкімдіктердің қарызын үкімет өтейді

Сурет: pixabay
Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындағанда және оларға қажеттілік Қазақстан Республикасы үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін соттардың шешімдері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмағанда бөлінеді.

Құжатта сондай-ақ халықтың әлеуметтік шиеленісінің туындау мүмкіндігін болдырмау мақсатында облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс бойынша жеткізушілер алдындағы қарыздарын өтеу үшін бөлінетіні жазылған.

Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Алматы әкімі Досаев Ерболат ArtSport бағдарламасы бойынша қарыз шамамен 2,2 млрд теңге болғанын мәлімдеді. Осы қаржылық бұзушылықтарға байланысты бағдарлама тоқтатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз