Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 қазанда еліміздің бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, күн жаңбырлы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 25 м/с жетуі мүмкін.

Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, кей тұста 23 м/с жылдамдықта жел соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

19 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын болады: жаңбырдың арты қарға ұласады. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын болады, күндіз жаңбырдың арты қарға ұласады деп күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, тау асуларында оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматы қаласында 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: