Қазақстанда Тұңғыш президент күнінің мәртебесі өзгереді

Сурет: elbasy.kz
Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен мерекелер тізімі жаңа 44-1 тармағымен толықты:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан.

Түсініктемеде айтылғандай тап өтілгендей, бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және басқа да әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары даталарға ұқсас аталып өтеді. Бірақ бұл күні демалыс берілмейді.

Бұған дейін ҚР Тұңғыш президенті күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Құжат 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

2022 жылғы 28 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін заңға қол қойды. Сонымен бірге,1 желтоқсан Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды