Елімізде Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады

Сурет: akorda.kz
"Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы" жарлығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Есеп комитетінің орнына Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құрылады.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды іске асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып есептеледі.

Жоғары аудиторлық палатаның міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болады.

Жоғары аудиторлық палатаның құрылымын Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, мүшелері және аппараты құрайды. Жоғары аудиторлық палатаның штат саны шегін Қазақстан Республикасының президенті бекітеді.

Құжат 3 қарашаға дейін қоғам болып талқылау мақсатында Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды