Президент Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдады

Сурет: Facebook/Есболат Айдабосын
ҚР президент Жетісу жұртшылығымен жүздесуінде , белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек елімізді дамытуға зор үлес қосқанын айта келе, Талдықорғандағы Журналистер үйіне оның есімін беру туралы бастаманы қолдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосқанын" айта келе, соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің еңбегіне ерекше тоқталды. Президент "Бейсен Құранбек әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенін" атап өтті.

Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті.

Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Талдықорған
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз