Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау қанша жылға созылуы мүмкін

Сурет: pxhere
Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан астам екенін еске салды. Мемлекеттік шекараның 70 пайызы демаркацияланды.

Қалған 30 пайызы таулы аймақта орналасқан. Оған тағы екі-үш жыл керек. Біз шекараның қай жерден өтетінін нақты білеміз, тек күшейту процесі ғана қалды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Журналистер министрге Каспийдегі шекара мәселесі жөнінде де сауал қойды.

Біз Ресеймен де Түркіменстанмен бірдей келісім дайындап жатырмыз. Мұны Ресеймен екіжақты деңгейде шешетін болсақ, онда белгіленген шекара сызығы аумақтық сулар мен балық аулау аймақтарын бөлуге мүмкіндік беретінін түсініп отырмыз. Мұхтар Тілеуберді
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды