21 қазанда еліміздің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
21 қазанда Қазақстанның кейбір өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері күн жауын-шашынды болып, жел тұрады, тұман түседі деп болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды, түнде соққан желдің екпіні кей тұста 25 м/с жетеді.

Семейде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Синоптиктер еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады, арты қарға ұласады, көктайғақ болады деп болжайды. Республикамыздың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің күшейіп, еліміздің батысында, солтүстік-батысында тұман түседі деп болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз