Ведомствоның мәліметінше, хабарламалар азаматтарға тұрғылықты жері бойынша емес, тіркеусіз түседі.
Баспасөз қызметі бұл хат жіберудің мақсатын да түсіндірді. Бұл ең әуелі, нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін керек.
Бүгін министрлік 10 күннен 1 айға дейін тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Мерзімі бір айдан асқан жағдайда – 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 21 441 теңге айыппұл салынады.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеудің бар-жоғын eGov.kz порталындағы "жеке кабинетте" немесе eGov mobile мобильді қосымшасында тексеруге болады.
Қазан айының басында Қазақстан азаматтарына Ішкі істер министрлігінен SMS келіп түскен.
Кейін 14 қазанда Алматының көші-қон қызметі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруға шақырды.