Саран қаласында көпқабатты үйдің кіреберісіне асылмақ болған ер адам құтқарылды

Сурет: polisia.kz
Саран қаласының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ол бір күн бұрын әйелімен жанжалдасқан. Оқиға кезінде ер адам мас күйде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, 29 қазан сағат түнгі 01.00 шамасында полицейлерге кезекші бөлімнен 1А ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің дәлізінде белгісіз азаматтың шулап жатқаны туралы хабарлама түскен.

Қарағанды облысы Саран қаласы патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қуандық Жұмағалиевтің сөзінше, арада үш-төрт минут өткенде әріптесі екеуі шу шағым түскен үйге жеткен.

Жоғары қабатқа көтерілгенімізде, екінші-үшінші қабаттың сатысында мойынына төсектің жаймасын байлап, ілініп тұрған азаматты байқадық. Азамат ес-түссіз жағдайда болды. Біз әріптесіміз екеуміз оны бірден ілгіштен шешіп алып, жерге жатқызып, есін жиғыздық.Қуандық Жұмағалиев

Ер адам көзін ашып, есін жиған соң полицейлер бірден жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, оны дәрігерлерге тапсырыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері бірер минутқа кешіккенде, азаматты ажалдан алып қалу мүмкін болмас еді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы