Ақпарат министрлігі Ұлытауда құлаған зымыран жарықшағы жөнінде түсініктеме берді

Сурет: скриншот
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлытау өңірінен табылған зымыран жарықшағы қоғам мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қазанда Астана уақытымен сағат 06:20-да "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Прогресс МС-21" көліктік жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран тасығышы қалыпты режимде ұшырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазбада қаңылтырдан жасалған металл қаптаманың бір бөлігі – бас қаптаманың қақпағы көрсетілген. Басты қаптама зымыран тасығыш пен ғарыш аппаратын атмосфераның тығыз қабаттары арқылы зымыран тасығыштың өтуі кезінде аэродинамикалық және жылулық жүктемелерден қорғауға арналған. Ол механикалық құлыптар арқылы бойлық қосылыс бойымен бір-бірімен байланыстырылған бірдей конструкциялы екі қанаттан тұрады. Басты қаптамада ешқандай отын жоқ. Сонымен қатар "Союз 2-1а" зымыран тасығышын ұшыру үшін денсаулыққа үлкен қауіп төндірмейтін керосин сияқты жанармай қолданылады.

Ведомствоның хабарлауынша, табылған фрагмент азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз